«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 02 ақпаннан бастап 2021 жылғы
02 мамырына дейін ұзартылсын;
Алматы қ, «Экосервис-С» ЖШС-ның сынақ зертханасы KZ.T.02.1134 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қ, «ИВК и Компания» ЖШС-ның сынақ зертханасы KZ.T.02.1045 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қ, ҚР ЭМ «Казгидромет» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасы KZ.P.02.1036 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
2021 жылғы 02 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

