О компании
Аккредиттеу жөніндегі ұлттық орталық туралы
Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) - Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі жалғыз ұлттық орган (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 ««Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» қаулысы).
ҰАО қызметі келесі құжаттармен реттеледі:
– 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;
– ISO/IEC 17011 «Сәйкестікті бағалау органдарын аккредиттеуді жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптар» халықаралық стандартымен;
– аккредиттеу саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен;
– аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың талаптарымен.
ҰАО ұлттық және халықаралық деңгейлерде аккредиттеу нәтижелерінің ашықтығын, объективтілігін және танылуын қамтамасыз етеді.
Просто расскажите нам о ней!

