«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті «Қамқор Локомотив» ЖШС Астана локомотив жөндеу депосы филиалының салыстырып тексеру зертханасының 05.05.2022 жылғы № KZ.P.01.E0996 аккредиттеу аттестатын қолданылуын 2024 жылдың 19 шілдегі дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және осы ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны аккредиттеу субъектісіне жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 90-ОД 25.01.2024 жылғы Аккредиттеу аттестатын қолданылуын тоқтата тұру туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

