Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 12 маусымдағы № 4394-25-00-4/241 шешімі негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК Бас директорының орынбасарының «Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы» 2024 жылғы 19 қарашадағы № 1500-НҚ бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
- «ҰАО» РМК-ның мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
- «ҰАО» РМК-ның цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

