Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 13 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақтөбе филиалының инспекциялық органы аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Қарақия аудандық бөлімшесінің медициналық зертханасы аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «КазГеоплюс» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы Айыртау аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы;
3) Қызылорда қ., «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы;
4) Алматы қ., «GeoStadya» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5) Тараз қ., Жамбыл филиалының «ЦОТКИР» «НДФЗ» ЖШС-ң
«Фосфорный завод», сынақ зертханасы;
6) Атырау қ., «КТR Integrity» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
7) Астана қ., «КазСтройГеология» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
8) Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Родина ауылдық округі, Родина ауылы, «Родина» Агрофирма ЖШС сынақ зертханасы;
9) Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, «KazCert International» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
10) Астана қ., «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК салыстырып тексеру зертханасы;
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., «Диагностик Стандарт Экспертиза» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
2) Алматы қ., «КазЭкспертПром» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасының металды бақылау, диагностика және дәнекерлеу сынақ зертханасының;
3) Қарағанды қ., «Гормонтажпроект» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Шымкент қ., «OKS- Sapa» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қ., «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасынан / Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Атырау қ., «Комплексный испытательный центр» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Астана қ., «Республикалық Радиологиялық орталық» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
8. ҚР СТ ISO 50003-2022 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің аудитін және сертификаттауын жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» жаңа стандартына өтуіне байланысты Алматы қ., «Алматинское Бюро по Сертификации» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
9. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н. Т. жүктелсін.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 76-ОД 22.01.2024 жылғы Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

