Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 15 қаңтардағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 2-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ., «Орган Метрологии и Сертификации» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының 19.01.2022 жылы берілген № KZ.P.01.E0761 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «09 т. физика-химиялық өлшеулер» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 48-ОД 16.01.2024 жылғы Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

