«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 6 ақпаннан 2024 жылғы 6 мамырға дейін ұзартылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды мен Ұлытау облыстары бойынша филиалының Жезқазған қаласындағы қоршаған ортаның ластану жағдайын бақылау зертханасы № KZ.T.18.1413 аккредиттеу аттестаты;
2) Тараз қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жамбыл филиалының сынақ орталығының № KZ.T.08.0201 аккредиттеу аттестаты;
3) Шымкент қ. «Туран Бизнес Групп» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.16.2186 аккредиттеу аттестаты;
4) Тараз қ., «Группа по стандартизации, сертификации и метрологии «Zhambyl Standart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.08.0309 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 172-ОД 09.02.2024 жылғы Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

