Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 28 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 57-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қ., «Caley Energy» ЖШС-ң калибрлеу зертханасының 30.12.2020 жылы берілген № KZ.K.09.2409 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «03 және 10 өлшем түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1692-ОД 29.12.2023 жылғы Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

