«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 29 наурызға дейін ұзартылсын:
1) Астана қ., «Казпром Серт» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № KZ.Q.01.0483 аккредиттеу аттестаты;
2) «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қарағанды филиалының сынақ орталығының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № KZ.T.10.0212 аккредиттеу аттестаты;
3) Атырау қаласындағы «Республиканский научно-исследовательский центр охраны атмосферного воздуха» ЖШС филиалының экологиялық мониторинг мобильдік сынақ орталығының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № KZ.T.06.0369 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1687-ОД 28.12.2023 жылғы Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

