Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 381 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/TS 22003-2017«Азық-түлік қауіпсіздігін басқару жүйелері. Азық-түлік қауіпсіздігі менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарын ескере отырып, ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «Премиум Серт Qazaqstan» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ. «INVIVO» (Инвиво) ЖШС-ң медициналық орталық зертханасы аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Қызылорда қ., «Қазақстан темір жолы «ұлттық Компаниясы» АҚ-ң -«Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалының Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тескеру зертханасы;
2) Шымкент қ., «ONTUSTIK KAZ-LENZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылдық округі, Тасты ауылы, «КАТКО» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ң физика-химиялық сынақ зертханасы;
4) Ақтөбе қ., «Avant Metrology» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
5) Көкшетау қ., «Baltic Control KZ Certification» ЖШС филиалының сынақ зертханасы;
6) Қостанай облысы, Тобыл қ., «Транс-Тахограф KST» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Павлодар қ., «СЖС Казахстан ЛТД» ШК ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Орал қ., «Аспан» ЖШС-ң химия-талдау зертханасының;
2) Астана қ., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық кеден зертханасы» РММ-нің сынақ зертханасы;
6. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты Қостанай қ., Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің
«Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау сынақ зертханасынан / Қостанай қ., Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. ҚР СТ ISO 50003-2022 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің аудитін және сертификаттауын жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» жаңа стандартына өтуіне байланысты Алматы қ., «Казахстанский центр качества» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1685-ОД 22.12.2023 жылғы Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

