«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 24 желтоқсаннан 2024 жылғы 24 наурызға дейін ұзартылсын:
1) «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № KZ.Р.12.0234 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «R.S. Project Engineering» ЖШС сынақ зертханасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № KZ.T.02.1448 аккредиттеу аттестаты.
3) Өскемен қ., «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ сынақ орталығының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № KZ.T.07.0256 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1676-ОД 26.12.2023 жылғы Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

