«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 24 желтоқсаннан 2024 жылғы 24 наурызға дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «Центр подтверждения соответствия продукции» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № KZ.O.02.0551 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Научно-инженерный центр безопасности в промышленности» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № KZ.O.02.0421 аккредиттеу аттестаты;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының медициналық зертханасының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № KZ.M.07.2175 аккредиттеу аттестаты;
4) Астана қ., «Дархан-Сапа» ЖШС сынақ зертханасының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № KZ.T.01.2171 аккредиттеу аттестаты.
5) Өскемен қ., «ЦентрЭКОпроект» ЖШС сынақ зертханасының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № KZ.T.07.2173 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1674-ОД 25.12.2023 жылғы Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

