Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 373 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы Мұнайлы аудандық бөлімшесінің медициналық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақтау қ., «КазСерт Актау» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы.
2) Балқаш қ., Қарағанды облысы бойынша денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Балқаш қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Ақтөбе қ., ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы "Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы" персоналының сәйкестігін растау жөніндегі органнынан / Астана қ., «Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін растау орталығы» өнімінің сәйкестігін растау жөніндегі органына аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыруға байланысты Балқаш қ., «Integra Construction KZ» ЖШС-ң Жол-құрылыс жылжымалы зертханасынан / Балқаш қ., «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының жол-құрылыс жылжымалы зертханасы-«Достық-Мойынты екінші жолдарын салу дирекциясы», аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Хамитов И. В. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1671-ОД 22.12.2023 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

