«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 14 ақпаннан 2025 жылғы 14 мамырға дейін ұзартылсын:
- Қарағанды қ., «Уголь» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.10.0562 аккредиттеу аттестаты;
- Алматы қ., «ORGANIC» мұнай өнімдерін сынайтын тәуелсіз орталығы» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.T.02.0610 аккредиттеу аттестаты;
- Тараз қ., «МедРемСтандарт» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.08.0700 аккредиттеу аттестаты;
- Алматы қ., «Сантех-Строй Алматы Ко» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.1575 аккредиттеу аттестаты.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК)
- Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
- Қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі
- Осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау
- «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

