«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық зертханасының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № KZ.M.01.2181 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 29 наурызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
Бұйрық № 16-ОД 11.01.2024 жылғы Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

