Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 357 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Ақтөбе қ., «ГБО центр» ЖШС-ң инспекциялық органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Өскемен қ., «Отырар и К» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Өскемен қ., «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ сынақ зертханасы;
3) Өскемен қ., «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» ШЖҚ РМК-ң сынақ зертханасы;
4) Павлодар қ., «Incom Company» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5) Қызылорда қ., «ЛНК-Сервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Екібастұз қ.,
«Промсервис-Отан» ЖШС-4 санитарлық-профилактикалық зертханасының сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Ақтау қ., «ДАЕРС» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
2) Астана қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
«Фитосанитария» ШЖҚ РМК РММ-ң сынақ зертханасының.
5. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Ақтау қ., «Asia Petro Service» ЖШС сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., Алматы облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасынан / Алматы қ., Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасына;
2) Павлодар қ., Павлодар облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасынан / Павлодар қ., Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасына;
3) Ақтөбе қ., Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасынан / Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасына;
7. Нормативтік құжаттардың ҚР СТ ISO 50003-2022 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің аудитін және сертификаттауын жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» талаптарына өзгеруіне байланысты Астана қ., «Столичный центр качества и метрологии» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Хамитов И. В. жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1571-ОД 05.12.2023 жылғы. Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

