«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 9 қарашадан 2024 жылғы 9 ақпанға дейін ұзартылсын:
1) Көкшетау қаласы, «Строительная Независимая Лаборатория» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.03.2158 аккредиттеу аттестаты;
2) Екібастұз қаласы, «Проммашкомплект» ЖШС бұзбай бақылау зертханасының № KZ.T.14.1416 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1423-ОД 10.11.2023 жылғы. Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

