Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 2 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 43-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Тараз қ., «Сараптама» ЖШС-ң сынақ орталығының 01.07.2022 жылы берілген № KZ.T.08.E1139 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1354-ОД 03.11.2023 жылғы Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

