Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 26 және 2024 жылғы 28 қаңтардағы № 27 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Жаңаөзен қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Жаңаөзен аудандық бөлімшесінің Маңғыстау облысы бойынша Медициналық зертханасы;
2) Форт-Шевченко қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесінің Маңғыстау облысы бойынша Медициналық зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Ұлан ауылы, «ECETRANS KZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Орал қ., «Батыс су арнасы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
3) Шахтинск қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қарағанды облысы бойынша филиалының Шахтинск қалалық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
4) Шымкент қ., «Энергомера-I» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
5) Шымкент қ., «ТЖШ-Азамат» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Қарағанды қ., «Газгидроэль» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
7) Ақтау қ. «Альянс- эксперт ЛТД» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
8) Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қызылтал ауылдық округі, «КарачаганакАгроСтрой» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Алматы қ., «НЦ «Каз Метро Стандарт» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу саласының орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қарағанды қ., «Megastandard» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
2) Орал қ., «Центр сертификации «Национальный стандарт» ЖШС-ң менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган;
3) Атырау қ., «TESLA-ТАН» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
4) Атырау қ., «TESLA-ТАН» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
5. Аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «ЭКОС» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау органының;
2) Астана қ., «KazEcoProfit» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органының.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н. Т. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 114-ОД 29.01.2024 жылғы Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

