Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 19 ақпандағы № 8 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, «Специализированный испытательный центр автотехнических средств «ТУЛПАР» (СИЦАТС «Тулпар») ЖШС филиалының сынақ зертханасы,
2) БҚО, Орал қ., Бәйтерек ауд., Мичуринский ауыл а., Мичуринское а., «Каспий Стандарт» ЖШС сынақ зертханасының Орал филиалы,
3) Алматы қ., «Институт Казгипроводхоз» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
4) Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Байсерке ауылы, «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орта Азия» ЖШС-нің сынақ зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Астана қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік қоғамының Астана филиалының сынақ орталығының (ЕАЭО Сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіндегі ақпарат жаңартуымен бірге) 29.09.2023 жылғы № KZ.T.01.0210,
2) Ақтөбе қ., Атырау қ., «ТехАвтоЛаб» ЖШС-нің сынақ зертханасының (ЕАЭО Сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіндегі ақпарат жаңартуымен бірге) 25.07.2024 жылғы № .KZ.T.05.2732,
3) Алматы облысы, Іле ауданы, Ашибұлақ ауылдық округі, Жапек батыр ауылы, «Маңғыстау Сертификаттау Орталығы Сынақ Зертханасы» ЖШС-нің сынақ зертханасының (ЕАЭО Сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіндегі ақпарат жаңартуымен бірге) 28.11.2024 жылғы № KZ.T.13.2788,
4) Шымкент қ.; Алматы қ., «AUTO EX» ЖШС-нің сынақ зертханасының (ЕАЭО Сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіндегі ақпарат жаңартуымен бірге) 25.07.2022 жылғы № KZ.T.16.E1217,
5) Астана қ., «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС-нің сынақ зертханасының 08.04.2022 жылғы № KZ.T.01.E0916 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты, Ақтау қ., «AutoEx» ЖШС-нің сынақ зертханасының 06.04.2023 жылғы № KZ.T.13.2496 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, «Специализированный испытательный центр автотехнических средств «ТУЛПАР» (СИЦАТС «Тулпар») ЖШС филиалының сынақ зертханасы,
2) Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Байсерке ауылы, «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орта Азия» ЖШС-нің сынақ зертханасы.
5. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
7. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурста орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 5-тармақ бойынша - Аппарат басшысы М. Копабаевқа, 6 және 7 тармақтар бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

