Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 20-бабы 4-тармағы 7) тармақшасына,26-бабының 5-тармағы 1)тармақшасына және 2)тармақшасына, БҰЙЫРАМЫН:
1. «ЭкспертАвтоТест» ЖШС 2018 жылғы 22 тамыздағы №04-04/177 И-пост аккредиттеуден кейінгі келісім шартының қызметі тоқтатылсын.
2. «ЭкспертАвтоТест» ЖШС 2018 жылғы 22 тамыздағы № KZ.T.10.2110 сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. Ақпаратпен қамтамасыз ету және жиынтық талдау бөліміне сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны веб-сайтқа орналастырсын.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету бөлімі қабылданған шешім туралы ЖШС «ЭкспертАвтоТест» хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауың ЖШС "Ұлттық аккредиттеу орталығы" Басқарма Төрағасының орынбасары Тайжановқа Қ. Н. жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

