Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 20-бабы 4-тармағы 7) тармақшасына, 26-бабының 5-тармағы 1)тармақшасына және 2)тармақшасына,БҰЙЫРАМЫН:
1. «АЗКА КОНСАЛТИНГ-СЕРВИС» ЖШС Алматы қ, 2016 жылғы 21 маусымдағы №05-20/495 О-пост аккредиттеуден кейінгі келісім шарттарының қызметі тоқтатылсын.
2. «АЗКА КОНСАЛТИНГ-СЕРВИС» ЖШС Алматы қ, 2016 жылғы 21 маусымдағы №KZ.О.02.0047 аккредиттеу аттестаты қолданысы тоқтатылсын.
3. Ақпаратпен қамтамасыз ету және жиынтық талдау бөліміне сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны веб-сайтқа орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

