Бұйрық № 222-ОД ОТ 17.03.2020Нұр-Султан қ., «Казпром Серт» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу саласының 001/2011 «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» КО ТР және 003/2011 «Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» КО ТР бойынша бөлігін жарамсыз деп тану
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы наурыз айының 05 күнгі №14-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Нұр-Султан қ., «Казпром Серт» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2017 жылдың сәуір айының 17 күні берілген №КZ.Т.01.1864 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының 001/2011 «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» КО ТР және 003/2011 «Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» КО ТР бойынша бөлігін жарамсыз танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

