Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына
сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы наурыз айының 06 күнгі №15-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2019 жылдың тамыз айының 09 күні берілген №КZ.О.02.0525 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 8 наурыздан бастап күшіне енеді.

