Ақмола облысы, Ақкөл қ., «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң Ақкөл филиалының сынақ зертханасының аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес сынау бойынша бөлігі қайта жаңғырту туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссияның 2019 жылғы қараша айының 21 күнгі №71-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға және түзету іс-шараларын қабылдауға байланысты Ақмола облысы, Ақкөл қ., «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң Ақкөл филиалының сынақ зертханасының 2015 жылдың сәуір айының 01 күні берілген №КZ.Т.03.0670 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес сынау бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2.«ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті ақпараттық ресурстарына жойылған сынақ хаттамалары туралы ақпаратты орналастырсын.
3.«ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
4.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
6.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

