Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2019 жылғы қыркүйек айының 27 күнгі №61-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті 031/2012 бөлігінде аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Ақтөбе қ., «Манар» ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органының 2014 жылдың қараша айының 14 күні берілген №KZ.О.05.0580 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті ақпараттық ресурстарына жойылған сәйкестік сертификаттары туралы ақпаратты орналастырсын.
3. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
4. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хатшысы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектісін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
5. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хатшысы "Манар"ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органның жауапты сарапшы-аудиторларына қатысты шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне хат жолдасын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

