Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2019 жылғы қыркүйек айының 23 күнгі №58-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Орал қ., "Қазақстан метрология орталығы" ЖШС-ң тексеру зертханасының 2019 жылдың қантар айының 24 күні берілген №KZ.Р.09.1468 аккредиттеу аттестаты қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының физико-химиялық өлшемдер бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

