Қазақстан Республикасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы тамыз айының 02 күнгі №46-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., "ALTA Telecom" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының 2017 жылдың қазан айының 05 күні берілген KZ.P.02.1941 аккредиттеу аттестатын қайта жаңғыртылсын.
2. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

