Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссияның 2019 жылғы маусым айының 19 күнгі №31 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. БҚО, Теректі ауданы, Подстёпное ауылы, «Жайыкгидрогеология» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2015 жылдың желтоқсан айының 11 күні берілген № KZ.И.09.1026 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын жіне аккредиттеу саласы ескерілсін қайта бекітілсін.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

