Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес, және аккредиттеу жөніндегі Комиссия отырысының 2019 жылғы маусым айының 19 күнгі №31 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Нұр-Сұлтан қ., «Казпром Серт» ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № KZ.О.01.0749 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының қазақстан бөлімі бойынша тамақ және ауылшаруашылық өнімдері бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

