Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссияның 2019 жылғы маусым айының 17 күнгі №30-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Алматы қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының филиалының 2014 жылдың наурыз айының 19 күні берілген №Қосымша 1 / KZ.О.13.0193 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2.«ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

