Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссияның 2019 жылғы маусым айының 12 күнгі №27 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Астана филиалының сынақ зертханасының 2013 жылғы 14 маусымдағы №KZ.И.01.0210 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының автокөлік құралдары бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

