Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және 2019 жылғы мамыр айының 02 күнгі №22 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Bureau Veritas Kazakhstan» ("Бюро Веритас Казахстан"), ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верефикациялау жөніндегі органының 2017 жылдың желтоқсан айының 22 күні берілген № KZ.V.02.1993 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

