Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссияның 2019 жылғы сәуір айының 04 күнгі №18 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Металлургия және кен байыту институты» АҚ-ң коллективті қолдану бағыты бойынша «Көмірсутекті және кен-металлургиялық
бөлімі мен оған байланысты сервистік таралым технологиясы»
Ұлттық ғылыми зертханасы 2016 жылдың ақпан айының 23 күні берілген № KZ.И.02.1138 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

