Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласындағы «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығындағы» ШЖҚ РМК-ң «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» филиалының сынақ орталығының өнімдердің (объектілер) сипаттамаларын (көрсеткіштері) анықтау үшін прекурсорларды пайдалануды талап ететін өнімдерінің (объектілерінің) атаулары бойынша аккредиттеу саласының бөлігін қайта жаңғырту туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы сәуір айының 09 күнгі №19 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласындағы «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығындағы» ШЖҚ РМК-ң «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» филиалының сынақ орталығының (аккредиттеу аттестаты 2015 жылдың қазан айының 13 күні берілген № KZ.Т.02.0923) өнімдердің (объектілер) сипаттамаларын (көрсеткіштері) анықтау үшін прекурсорларды пайдалануды талап ететін өнімдерінің (объектілерінің) атаулары бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

