«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 17 қарашадан 2020 жылғы 17 ақпанға дейін ұзартылсын:
- «АКҚЗ» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 17 қарашадағы № КZ.И.02.0557 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сынақ орталығы (2014 жылдың 17 қарашадағы № KZ.T.01.0570 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануын мониторинглеу зертханасы (2014 жылдың 17 қарашадағы № KZ.T.16.0615 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

