«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 9 маусымнан 2019 жылғы 9 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
- «Азимут Геология» ЖШС химия аналитикалық зертханасы (2014 жылдың 9 маусымның № KZ.И.10.0379 аккредиттеу аттестаты);
- "Oilsert International"/"Ойлсерт Интернешнл" ЖШС өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2014 жылдың 9 маусымның № KZ.О.02.0441 аккредиттеу аттестаты);
- «Т-Стандарт» ЖШС сертификаттау сынақ орталығы (2014 жылдың 9 маусымның № KZ.И.02.0519 аккредиттеу аттестаты);
- «Oilsert International»/«Ойлсерт Интернейшнл» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 9 маусымның № KZ.И.02.0435 аккредиттеу аттестаты);
- «Көкшетау жолдары» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 9 маусымның № KZ.И.03.1494 аккредиттеу аттестаты);
- «Т-Стандарт» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2014 жылдың 9 маусымның № KZ.О.02.0525 аккредиттеу аттестаты)
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 9 маусымның № KZ.P.14.0336 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

