Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Центр сертификации «Standlab» ЖШС сынақ зертханасының 2018 жылдың 01 тамыздағы № KZ.Т.04.2100 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. «RD fire group» ЖШС сынақ зертханасының 2017 жылдың 07 наурыздағы № KZ.Т.02.1855 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. «Қайрат Құрылыс» ЖШС сынақ зертханасының 2016 жылдың 06 желтоқсандағы № KZ.Т.01.1816 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
4. Мониторинглеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» веб-сайтына орналастырсын.
5. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген субъектілерді хабардар етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі:
1. 2018 жылғы 01 тамыздағы № 04-04/95 И-пост Аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу және тоқтату туралы ескерту;
2. 2018 жылғы 01 тамыздағы № 04-04/95 И-пост Аккредиттеуден кейінгі шартты бұзуға келісім туралы хат;
3. 2017 жылғы 07 наурыздағы № 04-04/292 И-пост Аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтату туралы ескерту;
4. 2017 жылғы 07 наурыздағы № 04-04/292 И-пост Аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтатуға келісім туралы хат;
5. 2016 жылғы 06 желтоқсандағы № 05-20/162 И-пост Аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы 2020 жылғы 10 ақпандағы келісім,.

