Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы ақпан айының 25 күнгі №12-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Электронстандарт-прибор-Казахстан» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының 2017 жылдың қантар айының 17 күні берілген №KZ.П.02.0324 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

