Қазақстан Республикасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы қыркүйек айының 16 күнгі аккредиттеу №57-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. "Компания ECOS" ЖШС-ң калибрлеу зертханасының 2016 жылдың тамыз айының 05 күні берілген
№KZ.К.02.1776 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

