Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы маусым айының 24 күнгі №44-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қарағанды қ. "УАЦЭС" ЖШС-ң сынақ зертханасы 2015 жылдың ақпан айының 03 күні берілген №KZ.Т.10.1570 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

