Павлодар қ., «ТУЛПАР» Автотехникалық қаржылар маманданған сынау орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР бойынша қосымшасын уақытша жарамсыз деп танылу туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы шілде айының 02 күнгі №35-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Павлодар қ., «ТУЛПАР» Автотехникалық қаржылар маманданған сынау орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2016 жылдың қыркүйек айының 13 күні берілген №KZ.И.14.0117 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР бойынша қосымшасы уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

