Ақмола облысы, Ақкөл қ., «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң Ақкөл филиалының сынақ зертханасының аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес сынау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылу туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) және 3-1) тармақшаларына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссияның 2019 жылғы маусым айының 17 күнгі №28-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақмола облысы, Ақкөл қ., «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң Ақкөл филиалының сынақ зертханасының 2015 жылдың сәуір айының 01 күні берілген №КZ.Т.03.0670 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес сынау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

