Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Алматы филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының электротехникалық өнімдер бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылу туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссияның 2019 жылғы маусым айының 06 күнгі №26 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
АҚ-ң Алматы филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2014 жылдың наурыз айының 31 күні берілген №1Қосымша / №КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының электротехникалық өнімдерінің сәйкестігін растау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

