Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы мамыр айының 27 күнгі №25 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., «Противопожарная безопасность» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2015 жылдың мамыр айының 15 күні берілген №KZ.Т.05.1604 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының №1, 2, 3 қосымшалары бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

