Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) және 5) тармақшаларына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы сәуір айының 17 күнгі №21 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ., ТОО «Центр сертификации продукции, услуг в
г.Астана» ЖШС-ң өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2018 жылдың мамыр айының 05 күні берілген
№ KZ.О.01.0969 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

