Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы сәуір айының 09 күнгі №19 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау қ., «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының 2016 жылдың ақпан айының 08 күні берілген № KZ.T.06.1106 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

