Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы ақпан айының 27 күнгі №15 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., «Энергосистема» ЖШС-ң сынақтан өткізу, асқын кернеуден қорғау, оқшалау қызметінің химиялық зертханасы 2014 жылдың қаңтар айының 23 күні берілген № KZ.T.05.1329 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

