Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы ақпан айының 12 күнгі №11 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Cosmomed» ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органының 2015 жылдың мамыр айының 22 күні берілген №КZ.О.02.0995 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

