Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және 2019 жылғы қаңтар айының 16 күнгі №4 аккредиттеу материалдарын қарастыру хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Металлургия және кен байыту институты» АҚ-ң коллективті қолдану бағыты бойынша «Көмірсутекті және кен-металлургиялық бөлімі мен оған байланысты сервистік таралым технологиясы» Ұлттық ғылыми зертханасы 2016 жылдың ақпан айының 23 күні берілген № KZ.И.02.1138 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

